Египет соты 183 адамның өлім жазасына кесілгенін растады
Египет соты «Мұсылман бауырлар» қозғалысының 183 мүшесінің өлім жазасына кесілгенін растады. Ең ауыр үкімге іліккендердің ішінде осы ұйымның лидері Мұхамед Бади де бар.
Оларға «2013 жылы тамызда полиция бөлімшесіне шабуыл жасап, бірнеше тәртіп сақшысын өлтірді», деген айып тағылды. Дегенмен, сол кездегі жанжалдан Каирде «Бауырлардың» жүздеген мүшесі мерт болды.
Бұл іс бойынша биыл сәуірде 683 адамға өлім жазасы кесілді. Бірақ, сот істі қайта қарағаннан кейін олардың төртеуі 15-25 жылға сотталып, қалғандары ақталып шықты.
Жаңа үкімет бүгінгі үкімнің әділдігіне күмән келтірмейді. Алайда исламшылдар өз туыстарының саяси себеппен сотталғанын мәлімдеп отыр.
Айта кетсек, қазіргі президент «Мұсылман бауырлар» қозғалысын биліктен былтыр шілде айында аластатқан болатын.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06