Әлемдегі бүлік болған елдердің барлығында экономикалық қиындықтар мен саяси тұрақсыздық жалғасып келеді
Былтыр Синай түбегінде ресейлік ұшақта теракт жасалып, 224 адамның мерт болуы да туристер қатарын кемітті. Бұған қоса, бейсенбіде мысырлық Egyptair лайнерінің Жерорта теңізіне құлап, 66 адамның қаза табуы жағдайды тіпті ушықтыра түсті.
Сирияда 2011 жылғы наурыздан бергі қарулы қақтығыстардан 255 мыңдай адам қаза тауып, 14 миллионға жуығы үйлерін тастап кетті.
2013 жылғы Еуромайданнан кейін Украинадағы ахуал толық тұрақтала қойған жоқ. Биліктегі дүрдараздық Үкіметтің ауысуына әкелді. Ал, саяси-экономикалық реформалардың шабан жүргізілуі Халықаралық валюта қорынан несие тарту процесін кешеуілдетіп отыр.
Минск бейбіт келісімі Донбаста 9100 адамның өмірін қиған соғысты толық тоқтата алмады. Оның үстіне ұлтшылдар Луганск пен Донецк облыстарының кейбір аудандарының мәртебесін анықтауы тиіс жергілікті сайлауларды өткізуге қарсылық білдіріп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады
23.09.2026, 12:26
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04