Ауғанстанға ең ірі бомба тасталды
АҚШ Ауғанстанға өз арсеналындағы ең ірі ядросыз бомба тастады. «Барлық бомбалардың анасы» деп аталып кеткен жарылғыш зат «ДАИШ» ұйымының бекіністеріне лақтырылған. Мұны Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер мәлімдеді. Ұзындығы 9 метрлік, ал, салмағы 10 тонналық бомба 2003 жылы сынақтан өтіп, бұрын-соңды соғыс жағдайында қолданылып көрмеген.
Жойқын қаруды америкалық әскерилер радикалдық топтың Нангархар провинциясындағы туннельдер кешеніне тастаған. Бомба навигациялақ жүйе арқылы басқарылады. Ал, оның жарылысы өте үлкен қашықтыққа жетеді.
Алдағы уақытта Вашингтон Ауғанстанға қосымша әскери жаттықтырушыларды аттандыруы мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12