«Ұлттық майдан» партиясына қарсы шеру тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты
Франция астанасында президенттікке кандидат Марин Ле Пеннің «Ұлттық майдан» партиясына қарсы шеру тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Полицияның мәліметінше, бетперде киген адамдар оларға жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырған. Одан үш полиция қызметкері жапа шекті. Тәртіп сақшылары шерушілерге қарсы газ қаруын қолданды. Одан нақты қанша демонстранттың жапа шеккені белгісіз. 1-мамыр күні Париждегі қауіпсіздікті бақылауға 9 мыңдай полиция қызметкері тартылған. Қалада жексенбіде өтетін президенттік сайлаудың екінші турына орай қауіпсіздік барынша күшейтілген.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12