Венесуэлада қақтығыс құрбандарын еске алуға арналған шеру өтті
Венесуэлада қақтығыс құрбандарын еске алуға арналған шеру өтті. Оған студенттер, қаза болғандардың дос-жарандары, оппозиция өкілдері қатысқан. Сәуірден бері өтіп жатқан тәртіпсіздіктерден 39 адам қаза тапты. Жүздегені жараланып, 2 мыңдай кісі тұтқындалған. Наразылық акциясы елде күн сайын дамылсыз өтіп жатыр. Оған қатысушылар президенттің отставкаға кетуін, сайлау өткізуді талап етіп жатыр. Оппозициялық белсенділердің сөзінше, Венесуэла халқының демонстрацияға шығып, қарсылық көрсетуден басқа амалы қалмаған. Ал, социалистік президент Николас Мадуро болса елдегі тәртіпсіздіктерді АҚШ өзін биліктен тайдыру үшін ұйымдастырды деп мәлімдеп келеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12