Ұлыбританияда террористік қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды
Ұлыбританияда террористік қауіптің максималдық деңгейі жарияланды. Премьер-министр Тереза Мэйдің айтуынша, қалалардағы қауіпсіздікті бақылауға әскерилер қосылады. Елдегі барлық маңызды нысандар мен туристік орындар күзетке алынды. Үкімет басшысы корольдікте лаңкестік шабуылдың қайталануы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайтынын айтты. Ал, дүйсенбінің кешінде Манчестерде болған жарылысты жасаған адамның есімі мәлім болды. Ол - Салман Абеди есімді 22 жастағы жергілікті тұрғын. Оның Ливияның тумасы екені белгілі. Жанкешті «Манчестер Арена» стадионында концерттен кейін бомбаны жарып жіберіп, 22 адам мерт болды. Құрбан болғандардың ең кішкентайының жасы 8-де. 59 адам ауруханада жатыр. Олардың кейбіреуінің халі мүшкіл.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12