Аргентинада әлеуметтік жағдайдың нашарлауына қарсы шеру өтті
Аргентина астанасы Буэнос-Айрестің орталық көшелерінің бірінде тұрғындар шеру өткізді. Наразы топ елде азық-түлік дағдарысына орай төтенше жағдай жариялауды, жұмыссыздықты жоюды талап еткен. Олардың президент Маурисио Макри қолға алған еркін нарық саясатымен көңілдері толмайды. Акцияға елдегі солшыл партия мен топтардың өкілдері жиналған. Демонстранттарды тарату үшін полиция көзді ашытатын газ, су машинасы мен резеңке оқтарды қолданды. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, шеру кезінде 7 адам ұсталған. Олардың арасында жасы кәмелетке толмаған бір бала бар. Аргентинадағы қоғамдық қозғалыс өкілдері тәртіп сақшыларының шеруді күшпен басуын сынға алды. Дегенмен, билік өкілдері полицейлер өз міндетін атқарды деп мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12