Германияда ғаламдануға қарсы манифестанттар полициямен қақтығысты
Германияның Гамбург қаласында «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті қарсаңындағы шерулер тәртіпсіздікке ұласты. Мұнда ғаламдануға қарсы манифестанттар полициямен қақтығысқан. Соңғы мәліметке қарағанда, қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен осындай ұстанымдағы 8 мыңдай адам жиналған. Жұмаға дейін олардың саны артуы мүмкін.
Демонстранттар өздері құрған лагерді тәртіп сақшыларының бұзғанына наразы. Сондықтан, олар полицияға отты шөлмек пен тас лақтырған. Ал, қауіпсіздік күштері шерушілерді тарату үшін су шашты. Елдің екінші ірі қаласында «Үлкен жиырмалық» елдерінің жоғары деңгейдегі кездесуі шілденің 7-8-і аралығында өтеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12