Венесуэлада 4 айда билікке қарсы 6700 шеру өткен
Венесуэлада биліктің саясатына қарсы ең ауқымды шерулердің жалғасып жатқанына 4 айдан асты. Сәуірдің 1-нен бері ел аумағында 6700-дей наразылық акциясы өткен. Мұндай деректі «Әлеуметтік жанжалдарды бақылау орталығы» келтірді. Республикада орта есеппен тәулігіне 56 шеру ұйымдастырылған. Акциялардың басым көбі Каракас, Миранда, Лара және Мерида штаттарында тіркеліп отыр. Шерулерде 120-дан астам адам қаза тауып, 5 мыңдайы қамалған. Осылаша, ел тұрғындары президент Николас Мадуроның мемлекет конституциясын өзгертуге құқылы Құрылтай жиналысын құру туралы жоспарына қарсылық білдіруде.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12