Басты Жаңалықтар Францияда халық президенттің жұбайына «бірінші ханым» мәртебесін беруге қарсы

Францияда халық президенттің жұбайына «бірінші ханым» мәртебесін беруге қарсы

Францияда дау шықты. Тұрғындар президенттің жұбайына ресми түрде «бірінші ханым» мәртебесін беруге қарсы. Бұл туралы петицияға 200 мыңдай француз қол қойған.

Салық төлеушілер президент Эммануэль Макронның жары Бриджитке мемлекеттік қазынадан қаражат бөлуді қолдамайды. Франция конституциясында мемлекет басшысының жұбайына ресми мәртебе беру қарастырылмаған. Ал, сайлауалды бағдарламасында Макрон «бірінші ханым» мәртебесін заңдастыратынын мәлімдеген еді. Сол кезде президент бұл мақсатқа бөлінетін қаражат халықтың қалтасынан шықпайтынын баса айтқан-ды. Енді сайлаушылар сөзінде тұрмаған Макронды екіжүзділікке барды деп айыптап отыр.

Айта кетсек, соңғы кездері Францияда президенттің рейтингі төмендеп кеткен. Әлеуметтік сауалнамаға сай, Макронды сайлаушылардың 36 пайызы ғана қолдайды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Бөлісу