БАЭ-де жүргізушісіз ұшатын әлемдегі тұңғыш такси сынақтан сәтті өтті
Германиялық «Волокоптер» зауыты құрастырған электрлі көлікке екі жолаушы сияды. Онымен ұшу әзірге 30 минутқа шектелген. Мультикоптерді әр 40 минут сайын қуаттап тұру қажет. Ал, аккумуляторларды қуаттауға 2 сағат кетеді екен. Бұл уақытты қысқарту жоспарланып отыр. Ұшатын таксидің максималды жылдамдығы – сағатына 100, ал, орташа жылдамдығы - 50 шақырым. Дронды сынақтан өткізу шарасына Дубайдың мұрагер ханзадасы шейх Хамдан Әл-Мактум қатысты. Ал, ұшатын аппаратты жасап шығару Дубайды дамыту бойынша үкіметтік бағдарламада қарастырылған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12