АҚШ пен Түркия бір-біріне виза беруді тоқтатты
Түркияның Вашингтондағы елшілігі америкалықтарға түрік дипломатиялық миссияларынан иммиграциялық емес виза беруді тоқтатты. Мұның алдында Құрама Штаттардың Стамбулдағы бас консулдығының қызметкері әрі Түркия азаматы Метин Топуз тұтқындалған-ды. Ресми Анкара оның былтырғы сәтсіз төңкеріс үшін айыпталған Ислам уағызшысы Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деп есептейді. Естеріңізге сала кетсек, Гүлен 2016 жылғы путчқа қатысым жоқ деп келеді.
Топуз ұсталғаннан кейін АҚШ та Түркия азаматтарына иммиграциялық емес виза беруді тоқтатты. Вашингтон мұндай қадамға өзінің түрік қаларындағы дипломатиялық мекемелеріндегі қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін барғанын мәлімдеп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
07.08.2026, 11:24
Елде нәресте өлімі азайды
07.08.2026, 10:08
Туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
07.08.2026, 10:08
Қызмет экспорты 12,8 миллиард долларға ұлғайды
07.08.2026, 10:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Фиджитал-би бойынша үздіктер анықталып жатыр
07.08.2026, 10:05
Құс еті мен тауық жұмыртқасын өндіру қарқын алды
07.08.2026, 10:05
Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 10:05
Иран кеме қатынасы ережесін қайта қарастырмақ
07.08.2026, 10:04