Бенгал шығанағында қайық аударылып, 12 рохинджа босқыны қаза тапты
Бенгал шығанағында босқындар мінген қайық аударылып, 12 адам қаза тапты. Құрбандардың бесеуі - балалар. Қайықта шамамен 35 адам болған. Олардың 8-і аман қалды. Ал, қалғандары іздестіріліп жатыр. Мьянмадан шыққан рохинджалар Бангладешке бара жатқан.
Жалпы, тамыздың 25-нен бері көршілес елден пана таппақ болып, суға батып мерт болған босқындардың саны 155-ке жетті. Ал, Бангладешке 400 мыңнан астам рохинджа мұсылманы барған. Ел үкіметі босқындарға көмек беруге дайын екенін білдіргенімен, оларды Мьянма қайта қабылдауы тиіс деп мәлімдеп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12
Шымкентте алимент бойынша қарыз ₸6 млд-тан асты
22.09.2026, 17:10