Ирак Күрдістанының парламенті алдында шеру өтті
Жиналған топ Эрбиль қаласындағы ғимаратқа баса-көктеп кірмек болған. Шерушілер өздерін «Пешмерга» жасақтары деп атап, автономия лидері Масуд Барзанидің қызметтен кетуіне қарсылық білдірді. Бұған дейін Ирак күрдтерінің басшысы қарашаның 1-де қызметтен отставкаға кететінін мәлімдеген-ді. Сол күні оның өкілеттігі де аяқталады.
Айта кетсек, Барзанидің бастамасымен қыркүйектің 25-де өткен тәуелсіздік референдумынан кейін Иракта саяси дағдарыс өршіді. Орталық үкімет автономияны авиациялық және құрлықтық блокадаға алып, күрдтер басып алған Киркук тәрізді мұнайлы провинцияны әскердің күшімен қайтарып алды. Ресми Бағдад Күрдістанның Түркияға мұнай сатуына тыйым салайын деп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07