Басты Жаңалықтар Украина: Министрдің пара үшін ұсталған ұлы босатылды

Украина: Министрдің пара үшін ұсталған ұлы босатылды

 

 

Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваковтың пара үшін ұсталған ұлы қайта босатылды. Александр Аваков 500 мың долларды талан-таражға салу ісіне қатысты деп айыпталып отыр.

 

Дәлірек айтсақ, ол Украина ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне нарықтық бағадан қымбат бағаға   рюкзак сатты деген күдік бар.

 

Бірақ тергеу изоляторында бір түнеген Александр электронды білезік тағып жүруге келісіп, шартты түрде босатылған. Әкесі болса ұлының бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айтты.

 

Осы оқиға биліктегі коалициялық үкіметтің ыдырауына және жаңадан сайлау өтуіне ықпал болуы мүмкін. Өйткені, саяси астардан кенде  емес.

 

«Би-Би-Си»-дің  хабарлауынша,  президент Петр Порошенко мен ішкі істер министрі Арсен Аваковтың арасында әу бастан келіспеушіліктер бар. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Бөлісу