Рио-де-Жанейро қаласында кедейлерге арналған мейрамхана бар
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көпшілікке үлгі боларлық мейрамхана бар. Ерекшелігі - ол үйсіздер мен кедейлерді тамақтандыруға арналған. Сонымен бірге, оларға «Рефетторио» мейрамханасында әлемге әйгілі бас-аспаздар арнайы барып, тамақ дайындайды. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы Дэвид Херц атты азамат осы тамақтану орнының басшысы. Ол үйі-күйі жоқ жандарды былтырғы Олимпиада ойындары өтіп жатқанда қабылдай бастаған. Содан бері игі ісін жалғастырып келеді.
Айта кетсек, 6,5 миллион тұрғыны бар Рио-де-Жанейрода 14 мың адам көшеде, ал 25 пайызы кедей аудандарда тұруға мәжбүр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07