Дональд Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер басталды
Бейжіңде ғаламдық екі супердержава лидерлері арасында келіссөздер басталды. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Солтүстік Корея мен екі жақты сауда дефициті мәселелерін талқылайды.
Ақ үй басшысының ойынша, Қытай Солтүстік Кореяның ядролық-зымырандық сынақтарын тоқтату үшін Пхеньянға қысымды күшейтуі керек. Бейжің болса, бұл орайда жеткілікті күш жұмсап жатқанын мәлімдеп отыр.
Болжамдарға қарағанда, кездесу барысында екі елдің компаниялары шамамен 250 миллиард доллардың келісімшарттарына қол қояды.
Айта кетсек, бұған дейін Трамп Жапония мен Оңтүстік Кореяда болып, Солтүстік Кореяға құйтырқы әрекеттермен әлемнің және Құрама Штаттардың шамына тие бермеу туралы ескерту жасады.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24