Каирде перғауын Тутанхамонның алтын бұйымдары көрмеге қойылды
Мысыр астанасы Каирде перғауын Тутанхамонның бұрын-соңды көрсетілмеген алтын бұйымдары көпшілік назарына қойылды. Сирек жәдігерлерді қаланың Тахрир алаңындағы Мысыр мұражайынан көруге болады. Бұл көрме елге туристерді көптеп тарту үшін ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, осы музейдің ашылғанына биыл 115 жыл толды.
Перғауынға тиесілі заттар бұған дейін қайта қалпына келтірілген. Елдің туризм министрлігі жыл соңына дейін тағы бірнеше осындай археологиялық олжаны көрмеге қоюды жоспарлап отыр.
Бұл мәдени шара 2011 жылғы «араб көктемі» революциясынан кейін нашарлап кеткен туризм саласын қайта жандандыруға септігін тигізеді деген үміт бар.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07