Бухарестте сот жүйесін өзгертуге қарсы шеру өтті
Румыния астанасы Бухарестте кең ауқымды шеру өтіп жатыр. Оған 20 мыңдай адам жиналған. Наразылық акциясына қатысушылар биліктегі Социал-демократиялық партияның сот жүйесін қайта қарау жоспарына қарсы. «Ұрылардың елі болғымыз келмейді», «Әділет үшін» деп ұрандатқан шерушілер парламент ғимаратына дейін барған. Олар осы наразылық акциясының сот реформасын өзгертпеуге ықпал ететінінен үмітті. Кері жағдайда прокуратураның өкілеттігі шектеліп, шенеуніктерге қарсы тергеу жүргізе алмайды. Ал, Әділет министрлігі прокурорлардың жұмысына бақылауды кеңейтуге мүмкіндік алмақ. Еурокомиссия осы өзгеріс арқылы Румынияда сот билігі саясаткерлердің бақылауына өтуі мүмкін деп қауіптенеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07