Йемендегі хуситтер экс-президенттің үйін жарып жіберді
Йемендегі шиит-хуситтер елдің экс-президенті Әли Абдолла Салехтің Санадағы үйін жарып жіберген. Бұл турасында «Reuters» агенттігі хабарлады. Оқиға кезінде бұрынғы мемлекет басшысының қайда болғаны белгісіз. Дегенмен, өзге бір ақпаратқа қарағанда, көтерілісшілер саясаткердің баспанасын жарып жіберді деген мәлімдеме жалған болуы мүмкін. Сонымен бірге, қауіпсіздік күштері Салехтің аман-есен екенін де растап отыр.
Қазір ел астанасы Санада Салехтің жақтастары бір-бірімен қақтығысып жатыр. Ал, бұған дейін экс-президент хуситтермен байланысын үзетінін мәлімдеген-ді. Себебі, оның сөзінше, хуситтер елді ашаршылыққа ұшыратып, Иранның мүддесі үшін үкіметпен соғыс жүргізіп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02