Ұлыбританияда температура күрт төмендеп, қалың қар жауды
Ұлыбритания қар құрсауында. Мұнда температура күрт төмендеп, қалың қар түсті. Айта кетсек, корольдікте қыста мұндай ауа райы сирек болады. Мәселен, Уэльсте жауған ақ ұлпаның қалыңдығы 30 сантиметрге жеткен. Ал, Англияда боран соғып, әуежайлардың жұмысы қиындады. Мәселен, Хитроудың ұшу-қону жолақтарын мұздан тазарту жұмысы баяу жүргендіктен, «Бритиш Эйруэйс» компаниясы 70-тей әуе сапарын доғаруға мәжбүр болған. Лондон метросында да осыған ұқсас жағдай. Сондай-ақ, британ астанасында ауа райының қолайсыздығына орай бүгін жүздеген мектеп жабылды.
Метеорологтар болса, алдағы күндері жолдарда көктайғақ болатынын ескертіп отыр. Ал, ауруханалар зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02