Ердоған ИЫҰ саммитінде Иерусалим мәселесін көтерді
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Иерусалимді Палестинаның астанасы етіп жариялауға шақырды. Мұндай үндеуді ол әлем державаларына қаратып, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының саммитінде жасады.
50-ден астам ел өкілдерінің басын қосқан конференция Стамбулда өтіп жатыр. Онда Түрік Республикасының лидері Израильге Иерусалимді сыйлай салды деп Вашингтонды айыптады.
Естеріңізе сала кетсек, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп бұл қаланы еврей мемлекетінің астанасы деп жариялағаны белгілі. Айта кету керек, Иерусалимді Израиль 1967 жылы басып алды. Алайда, халықаралық қауымдастық көне қалаға Израильдің билігін мойындаған емес.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда үгіт-насихат жұмыстары қорытындыланды
26.11.2026, 22:19
Трамп әкімшілігі тағы да сауда соғысын бастауға жақын
26.11.2026, 20:08
Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілді
26.11.2026, 20:07
«Халықтық құрылысқа» шетелдік капитал тартылады
26.11.2026, 20:05
Мемлекеттік басқаруды реформалау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді
26.11.2026, 20:05
Мәскеуде жасанды интеллект тақырыбына арналған халықаралық форум өтіп жатыр
26.11.2026, 20:04
Маңғыстау облысында бірнеше жаңа оңалту орталығы жұмысын бастады
26.11.2026, 19:56
Тәуелсіздік жылдарындағы медицина жетістіктері
26.11.2026, 19:55