Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны ұзартты
Еуропа одағы Ресейге қарсы санкцияларды 2018 жылдың ортасына дейін ұзартты. Мұндай шешім оның Брюссельдегі саммитінде қабылданған. Экономикалық шектеу шаралары энергетика, қорғаныс және қаржы салаларын қамтиды. Соның ішінде қару экспортына эмбарго жарияланды.
Бұл санкциялар Ресейдің Қырымды басып алуы және Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыстардың басталуына байланысты 2014 жылы шілденің 31-де енгізілді. Соңғы рет Еуроодақ оның мерзімін маусымда ұзартқан еді. Санкцияға алынғандардың қатарында елдің «Роснефть», «Газпромнефть» тәрізді ірі компаниялары мен банктері бар.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02