Косово премьер-министрі өзіне киім алу үшін өз айлығын көтермек
Косовода ерекше шеру өтіп жатыр. Өйткені, премьер-министр киім алу үшін өз еңбекақысын көтермек. Үкімет басшысы Рамуш Харадинай жейде мен галстук алу үшін өзінің 1300 еуро айлығын екі есе көбейтетінін айтқан еді. Ол дәрежесіне сай киінуі қажет екенін алға тартқан. Бұған наразылық білдірген тұрғындар жүздеген галстук пен жейдені іліп, оларды премьерге беретіндерін мәлімдеді.
Куштрим Мехемети, шеруді ұйымдастырушы:
- Біз премьер-министрден өз еңбекақысын азайтуды сұраймыз. Оған галстук пен жейде алуға ақша енді керек болмайды. Міне, 300-дей галстук жинадық. Алдағы 300 күнде бұлардың түрлі-түрлісін таға алады. Енді, осыншама жейде жинап береміз. Сондықтан, үкімет басшысы қорықпастан айлығын қысқарта алады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02