Солтүстік Корея Қысқы Олимпиадаға спортшыларын жіберетін болды
Солтүстік Корея ақпанда Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы Олимпиадаға спортшыларын жіберетін болды. Екі жақ мұндай мәмілеге бүгін басталған келіссөздер нәтижесінде келді. Айта кетсек, Пхеньян мен Сеул арасындағы келіссөздердің бірінші раунды шекарадағы Пханмунджом деген «бейбітшілік ауылында» жалғасып жатыр.
2015 жылдан бергі алғашқы кездесудің басты тақырыбы - екі елдің қатынастарын жақсартуға бағытталған іс-шаралар.
Тараптар бұл басқосуға 5 адамнан жіберген. Келіссөздерге Оңтүстік Корея делегациясын Бірігу істері бойынша министр, ал, Солтүстік Корея өкілдерін Бейбіт жолмен бірігу жөніндегі комитет төрағасы бастап барды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтті
25.11.2026, 20:11
500-ге жуық көлік жуу орталығы су үнемдеу жүйесіне көшкен
25.11.2026, 20:09
Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады
25.11.2026, 20:08
Азаматтық кодекс – заң үстемдігінің негізі
25.11.2026, 20:07
«Мақат-Индербор-Сәтімолла» теміржолының құрылысы басталды
25.11.2026, 20:06
Сыңғырлау ауылына 40 жылда алғаш рет асфальт жол төселді
25.11.2026, 20:05
Brexit: Ұлыбритания ЕуроОдаққа қайта қосыла ма?
25.11.2026, 20:05
Бюджеттік мекемелердің энергия үнемдеу жолдары заңмен бекітіледі
25.11.2026, 20:05