«Space X» компаниясы жаңа зымыран мен кабриолет ұшырды
«Space X» компаниясы әлемдегі ең ауыр зымыранды ғарышқа сәтті ұшырды. «Falcon Heavy» ракетасы Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен көкке самғады. Ол Күн мен Марстың ортасында созылып жатқан эллиптикалық орбитаға қызыл кабриолетті де ала кетті. Бұл автомобиль осы компания басшысы Илон Маскке тиесілі. Бірақ, оның рөлінде скафандра киген манекен отыр. «Темір тұлпардың» панелінде «Сабыр ет» деген жазу бар. Масктің сөзінше, бұл машина Жерден 400 миллион километр қашықтықта сағатына 11 шақырым жылдамдықпен ұшып жүреді. Сонымен қатар, ол орбитада миллиард жылдан астам уақытқа қалуы мүмкін.
27 моторлы «Falcon Heavy»-ге келсек, бұл – бүгінгі заманның ең қуатты ракетасы және де ол Жер маңындағы орбитаға 64 тонна жүк апара алады.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00