Латвияның үшінші ірі банкі қызметін тоқтатпақ
Латвияның үшінші ірі банкі «ЭйБиЭлВи» қызметін тоқтатпақ. Мұны дүйсенбіде мекеме үлескерлерінің төтенше жиынында айтты. Себебі, Еуропа Орталық Банкі бұл қаржы институтын сақтап қалу қоғам мүддесіне қажет емес екенін мәлімдеді. Осыған дейін АҚШ қаржы министрлігіне қарасты орган «ЭйБиЭлВи»-дің астыртын әрекеттерін әшкерелейтін тың деректерді жариялады. Оған сай, бұл банк ақша ізін жасырған, Ресей және Украинамен заңсыз келісімдер жасаған және Солтүстік Кореяға қару сатты деп айыпталып отыр. Бұл жайттан кейін тұтынушылар банктен 600 млн. еуро қаражатын шығарып алған. Сол себепті, банк өз міндеттемелерін атқара алмайды деп танылды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13