Әйгілі модельер Юбер де Живанши дүние салды
Францияда 92 жасқа қараған шағында әлемге әйгілі модельер Юбер де Живанши дүние салды. Сән әлемінде қайталанбас із қалдырған тұлға «мәңгі оқушы» және жоғарғы сән әлемінде «қарапайым джентльмен» деп аталып кеткен еді. Замандастарының пікірінше, кутюрье ескі стереотиптерді бұзып, өз дәуірінің сән ережелерін өзгерте білген. Юбер де Живанши өзінің жоғарғы сән үйін 1952 жылы қалады. Ол әсіресе, актриса Одри Хепберннің «Тиффанидегі таңғы ас» рөліне арнайы тіккен қара көйлегі үшін атақты болды. Бұған қоса, модельер әлемдегі ең танымал тұлғаларға арнап киім дайындаған. Оның туындыларына тапсырыс бергендердің арасында АҚШ-тың 35-ші президентінің жары Жаклин Кеннеди де болған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13