Йеменде мыңдаған адам соғысқа қарсы шеруге шықты
Ел астанасы Санада өткен акцияға көтерілісші-хуситтер қатысқан. Осы демонстрация арқылы олар Йеменде 4-ші жылға ұласқан қарулы қақтығысты тоқтатуды талап етіп отыр.
Айта кетсек, 2015 жылы сүнниттік Сауд Арабиясы бастаған араб елдерінің коалициясы Иранның қолдауына сүйенген шиит-хуситтерге қарсы әскери операция жүргізіп жатыр. Өйткені, хуситтер Йемен астанасын басып алып, президент Мансұр Хадидің елден кетуге мәжбүр еткен.
Бұл соғыстан 10 мыңдай адам қаза тауып, 2 миллиондайы үйлерін тастап кетті. 1 миллиондай тұрғын безгек ауруына шалдықты. Тағы сан миллионы ашаршылыққа душар болды. Осылайша, Араб түбегіндегі ең кедей мемлекет Йемен қазір сұмдық гуманитарлық дағдарыстан зардап шегіп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13