Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы алған пәкістандық Малала 6 жылдан соң еліне оралды
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты - пәкістандық Малала Юсуфзай 6 жылдан соң алғаш рет еліне оралды. Ол Исламабад әуежайынан күшейтілген күзетпен қонақүйге жеткізілген. Малала туған елін сағынып қалғанын айтады. Ол Пәкістанда 4 күн болып, премьер-министр Шахид Хакан Аббасимен және армия штабының басшысымен кездеспек.
Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы тәліптер Малаланы қыздардың сауатын ашуды жақтағаны үшін басынан атып, жаралады. Сол оқиғадан кейін Малала Ұлыбританияға емделуге жіберілді.
Қазір 20 жастағы белсенді қыз корольдікте тұрып, Оксфорд университетінде білім алып жатыр. Ол Нобель жүлдесін 17 жасында алып, кейін БҰҰ-ның бейбітшілік елшісі атанды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13