АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы Д.Трамптың қорғаушысының үйін тінтті
АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы президент Дональд Трамптың жеке қорғаушысының үйін және кеңсесін тінтіп шықты. Тексеріс кезінде адвокат Майкл Коэннің Дональд Трамппен жазысқан хаттары және өзге де құжаттары тәркіленген. Федералдық тергеу бюросы Коэнды прокурор Роберт Мюллердің бағыттауымен тексерген.
Айта кетсек, соңғысы Ресейдің 2016 жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласуы мәселесін тергеумен айналысып келеді. «Washington Post» газетінің мәліметінше, Коэн банктық астыртын әрекетке, электрондық алаяқтыққа және қаржылық заңбұзушылықтарға барды деген күдікке ілініп отыр. Ал, Дональд Трамп бұл тексерісті сынға алып, әділетсіздікке теңеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13