АҚШ-та ұшақ моторы өртеніп, 1 әйел қаза тапты
АҚШ-та ұшып бара жатқан ұшақтың бір моторы өртеніп, жарылып кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан 1 адам қаза тауып, жетеуі зардап шеккен.
Мерт болған жолаушы – әйел. Оны мотордың сынығы тиіп, қираған терезе тартып алған. Ал, салондағы адамдар азаматшаны кері тартып, орындыққа отырғыза алмады. Қатты жараланған әйел «Боинг» қонғаннан кейін ауруханаға жеткізілді. Бірақ, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады.
Ұшақ мұндай оқиғаға Нью-Йорктен Далласқа бара жатқанда душар болды. Оның бортында 143 жолаушы мен экипаждық бес мүшесі отырған. Дегенмен, лайнер Филадельфияға сәтті қонды.
Өрт сөндірушілердің сөзінше, «Боингтың» бір моторынан отын ағып, сол май өртке себеп болса керек.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22