Криптовалюта сатушылар көбеймек
Әлемдегі қаржы институттарының бестен бір бөлігі алдағы 12 айда криптовалюта сату мәселесін қарастырып жатыр. Мұны «Рейтер» агенттігі сауалнама жүргізіп анықтаған. Оған жауап берген респонденттердің 70 пайызы биткоинды саудалайтынын және бұл іске алдағы 3-6 айдың ішінде кірісетінін айтты.
Сауалнамаға 400-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында ірі банктердің мүлік менеджерлері, хедж-фондтар мен биржа мамандары бар.
Цифрлық ақшаны алып-сатуға өткен жылы биткоин бағасы аспандап кеткенде қызығушылық артты. Бірақ, биыл оның құны айтарлықтай түсті. Сондықтан, криптовалютадан қауіптеніп, оның болашағына күмән келтіріп отырған сыншылар да баршылық.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22