АҚШ әскері Оңтүстік Кореядан кетпейді
Америка Құрама Штаттарының әскері Оңтүстік Кореядан кетпейді. Сондай-ақ, Пентагон жауынгерлері мен офицерлері екі Корея бейбіт келісімге қол қойса да, бұл мемлекеттен шықпауы керек. Мұны бүгін Оңтүстік Корея президентінің өкілі Ким Ию Киом мәлімдеді.
1953 жылы қол қойылған қауіпсіздік келісімі бойынша бұл мемлекетте АҚШ-тың 29 мыңдай жауынгері шоғырланған. Олар жергілікті армиямен бірлесіп, жаттығу өткізіп тұрады.
Алайда, президент Дональд Трамп Кореяда әскер ұстап, неге шығындалуымыз керек деген-ді. Оның үстіне, Солтүстік Корея осы түбекте Америка әскері тұрғанда ядролық қарудан бас тартпайтынын ескертті.
Айта кетсек, Ким Чен Ын бірнеше аптадан кейін Трамппен тарихи кездесуді жоспарлап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22