Басты Жаңалықтар Германияның Айхах қаласында пойыздардың соққысынан 2 адам қаза тапты

Германияның Айхах қаласында пойыздардың соққысынан 2 адам қаза тапты

Германияның Айхах қаласында теміржол вокзалы маңында жүк және жолаушылар пойыздары соқтығысты. Төтенше жағдайдың салдарынан екі адам қаза тауып, 14-і жарақат алған. Зардап шеккен бірнеше адамның халі мүшкіл.

Ал, құрбан болғандар - пойыз машинисті мен жолаушы әйел. Полиция өкілдерінің мәліметінше, апат жергілікті уақытпен сағат кешкі тоғыздар шамасында болды. Төтенше жағдайдың себебі әзірге белгісіз. Оқыс оқиға орнында қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу