Кенияның Субукия ауданында дамба жарылып, 38 адам қаза тапты
Кенияның Субукия ауданында «Пател» дамбасы жарылып, 38 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын зардап шеккен.
Су бірнеше елді мекенді шайып кетті. Төтенше жағдай болған аймақта қазір эвакуация жүріп жатыр. Үкімет өкілдері баспанасыз қалғандарға уақытша пана беріп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге уәде берді.
Кения Шығыс Африканың өзге мемлекеттері тәрізді қазір нөсер жауыннан жапа шегіп отыр. Ресми мәліметтерге сай, наурыздан бері мұнда су тасқынынан 132 адам опат болып, 200 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Мадина РАХЫМБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде Түркістан облысы көш басында
19.08.2026, 17:25
Қарағандыда ерекше алма бақ жайқалып тұр
19.08.2026, 17:22
«Таза Қазақстан»: 117 мың гектар аумақ тазартылды
19.08.2026, 17:20
Оралда «Экоquest» сайысы өтті
19.08.2026, 17:17
БҚО-да BalaQorgany AI жаңа цифрлық платформасы таныстырылды
19.08.2026, 17:15
Академия курсанттары киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді
19.08.2026, 17:13
Әділетті қоғамның негізі – азаматтық жауапкершілік
19.08.2026, 17:10
Ел жаңалықтарына шолу
19.08.2026, 17:07