Индонезияның Сурабая қаласындағы жарылыс құрбандарының саны 13-ке жетті
Индонезияның Сурабая қаласындағы жарылыстардан 13 адам қаза тауып, 40-тан астамы жараланды. Жанкешті-лаңкестер үш шіркеуге шабуыл жасаған. Жарылыстарды бір отбасының 6 мүшесі ұйымдастырғаны белгілі болды. Әкесі бір ғибадатхананы шабуылдаса, анасы мен екі қызы екінші шіркеу жанында бомбаны іске қосқан. Ал, олардың тағы екі баласы мотоциклмен жарылғыш заттарды тасып жүрген. Қастандыққа барған отбасы мүшелерінің «ДАИШ»-қа қатысы бар жергілікті террористік «Джемаа Аншарут Даула» тобына қатысы бар екені анықталды. Полицияның дерегінше, олар Индонезияға жуырда Сириядан келген екен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13