Бүгін Иерусалимде АҚШ елшілігі ашылады
Таяу Шығыста шиеленіс күшейіп келеді. Өйткені, бүгін АҚШ Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіреді. Сондай-ақ, Израиль өзінің 70 жылдығын атап өтпекші.
Соңғы мәліметке қарағанда, палестиналықтар Вифлеемде шеруге шықты. Сонымен қатар, мұндай акциялар Газа мен Батыс жағалауда да өтіп жатыр. «Рейтердің» хабарлауынша, Израиль қауіпсіздік күштері ескерту қағаздарын таратып, көшелерге әскери техника шығарған, оқ атқан, газ шашқан. Бұған қоса, армия палестиналықтардан Израиль шекарасына жақындамауды талап етіп жатыр.
Ал, «Хамас» қозғалысы алдағы екі күнде еврей мемлекетіне қарсы ауқымды шеру өткізуге уәде берді.
Арыстан РЫСБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22