Үндістанның төрт штатында құмды дауылдан 61 адам қаза тапты
Үндістанның төрт штатында кешеден бері құмды дауылдан 61 адам қаза тапты. Сағатына 109 шақырым жылдамдықпен жеткен сұрапыл жел мен найзағайдың соққысы көптеген ауылды жайпап, талай үй мен ағаштар құлаған. Табиғи апаттан Уттар-Прадеш, Андхра-Прадеш, Шығыс Бенгал, Дели штаттары көп зардап шекті. Бұл аймақтарда алдағы бірнеше күнде тағы да дауыл соғатыны ескертілді.
Делидің халықаралық әуежайынан өткен түні 70-ке жуық рейс өзге авиациялық порттарға жіберілген. Премьер-министр Нарендра Моди «Твиттердегі» жазбасында жараланғандардың тезірек айығып кетуіне тілек білдіріп, тиісті органдарға қираған елді мекендерге көмектесуді тапсырды.
Арыстан РЫСБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22