Түрік лирасы жыл басынан бері 16,5 пайызға әлсіреді
Түркияның ұлттық валютасы түрік лирасы бүгін доллардың қасында рекордтық деңгейге дейін әлсіреді. Оған Америка ақшасының күшеюі мен орталық банк инфляцияны шектей алмайды деген қауіп себеп. Сонымен қатар, лираның құлдырауына президент Реджеп Тайып Ердоғанның монетарлық саясатқа ықпалы түрткі болып отыр.
Жыл басынан бері түрік лирасы 16,5 пайызға құнсызданып, дамушы елдердің ең нашар валюталарының біріне айналды.
Айта кетсек, өткен аптада Лондонға сапарында Ердоған келесі айда президенттік және парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, елдің ақша саясатына үлкен бақылау орнататынын ескертті. Оның сөзінше, пайыздық ставканың жоғарылығы несие алуға кедергі келтіріп отыр. Алайда, инвесторлар кредиттің қымбат болғанына мүдделі.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22