Пуэрто-Рикода былтырғы дауылдан 64 емес, 4645 адам қаза тапқан
Пуэрто-Рикоға былтыр қыркүйекте соққы берген «Мария» дауылынан 64 емес, 4645 адам қаза тапқан. Бұл туралы зерттеуді Гарвард университеті жариялады.
2017 жылғы табиғи апаттан марқұм болғандардың саны неліктен басқаша көрсетілген? Кейбір мәліметтерге қарасақ, АҚШ үкіметі қаза тапқандардың нақты санын жасырып отыр. Гарвард зерттеушілері болса, «Марияның» соққысына куә болған 3 мыңнан астам адамға сауалнама жүргізіп, құрбандардың 4 мыңнан асқанына көз жеткізген. Бұған қоса, желтоқсанға дейін Пуэрто-Рикода адам өлімі жиілеп кеткені байқалды.
Дүлей дауыл кезінде электр жарығы өшіп, тұрғындарға қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеген. Зерттеу авторларының жазуынша, адамдардың көптеп өлуіне осы жағдай себеп болса керек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13