Гватемалада жанартау атқылауынан 60-тан астам адам қаза тапты
Гватемалада Фуэго жанартауы атқылағанда қаза тапқан адамдардың саны 60-тан асты. Осыған орай елде үш күн қаралы деп жарияланды. Билік құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Бұған қоса, үйінді астынан 10 шақты адам тірі табылған.
Жалпы, Фуэго 2 миллионнан астам адамға әсер етіп отыр. Гватемалада «Отты тау» деп аталатын вулкан жексенбіде оянды. Одан шыққан шоқ 10 шақырым биіктікке көтеріліп, лава тау бөктерімен ағып, жолында кездескеннің бәрін күлге айналдырған. Су және қоқыспен араласқан күл жолдарды жауып, апатты аймақтарға құтқарушылардың жетуін қиындатты. Дүйсенбінің кешіне қарай жанартау белсенділігі төмендеп, сейсмологтар оның қалыпты жағдайға көшкенін хабарлап отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13