Ауғанстанда соғыстан қаза тапқандардың саны артты
Биылғы жылдың алғашқы алты айында Ауғанстанда соғыстан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны рекордтық деңгейге жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасына жүгінсек, жарты жылда 1692 адам содырлардың шабуылынан және жанкешті лаңкестердің бомбаларынан қаза тапқан. Бұл сан былтырғымен салыстырғанда, 1 пайызға көп.
Өткен айда Ауғанстан қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысы оқ атуды тоқтатуға келіскенімен, бейбіт тұрғындар арасында өлім-жітім азаймай отыр.
Бұл елде 17 жылға созылған қарулы қақтығысты тоқтату мәселесі осы айда НАТО-ның Брюссельде өткен саммитінде талқыланды. Бұл әскери одақ 2014 жылы Ауғанстандағы миссиясын аяқтағаннан кейін тәліптер елдің айтарлықтай бөлігін қайта басып алған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13