Перуде пойыз апатынан шетелдік туристер жараланды
Перуде елдің ең көрнекті орны - ежелгі инктердің Мачу-Пикчу қаласына бара жатқан екі туристік пойыз соқтығысты. Шойын жолдағы апаттан 23 адам жараланған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың көбі - шетелдік туристер. Басылымдардың мәліметінше, жергілікті тұрғындардың шеруі бірінші пойыздың қозғалысына кедергі келтіріп, жолынан қалдырған. Тоқтап тұрған пойызға сол жолмен келе жатқан екінші пойыз барып түйісті. Апат салдарынан екеуінің вагондары қатты майысқан. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25