Мадридтің «Rits» қонақ үйінде апаттық жағдай болды
Испанияның астанасы Мадридте «Rits» қонақ үй құрылысында апаттық жағдай болып, 1 адам қаза тапты. Тағы 11-і түрлі жарақаттар алған.
Соңғы деректер бойынша, жұмыс барысында алтыншы қабат опырылып құлағаны белгілі болды. Бір жұмысшы үйінді астынан шыға алмай қалып сол жерде жан тәсілім еткен. Екі адамның халі мүшкіл екені анықталды. Полиция оқиға орнын қоршауға алып, тергеу амалдарын бастады. Әзірге құрылыс алаңында апаттық жағдайға не себеп болғаны белгісіз. Жергілікті билік зардап шеккендерге барынша көмек көрсету жұмыстары жүріп жатқандығын жеткізді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15