Басты Жаңалықтар Тайваньның Пинсхи қаласында ерекше шамдар фестивалі өтті

Тайваньның Пинсхи қаласында ерекше шамдар фестивалі өтті

Олардың ерекшелігі сол - олар шағын әуе шарлары арқылы ұшады. Мұндай шара 20 жыл қатарынан өтіп жатыр екен. Түн жамылған сәтте ерекше көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындар мен туристер көптеп жиналды. Адамдар оларды аспанға жіберердің алдында армандарын айтып, тілектердің орындалуын сұрайды екен.

Дегенмен, жергілікті тұрғындардың арасында мұндай шараның өтуі ұнамайтындары да бар. Себебі, фестивальдан кейін пластик қоқыстары тым көп қалады екен. Бірақ, осы жолы ұйымдастырушылар оларды жинап, қажетті жұмыстар жүргізуге уәде еткен. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу