Марсты зерттеу қаласы салынады
Біріккен Араб Әмірліктерінде Марстағы өмірді қайталайтын қала тұрғызылмақ. Құны 136 млн. долларлық жоба «Марс ғылыми қалашығы» деп аталады.
Дубай сыртындағы шөлде 17,5 гектар аумаққа салынатын нысан 4 күмбезден тұрады. Бұл - ғарыш қалашығының ең үлкен симуляторы. Мұнда ғалымдар 1 жыл бойы тұрып, зертханаларда Қызыл ғаламшарда қуат, су, азық өндіру мүмкіндіктерін қарастырады. Және де олар адамзатқа, келешек жаңа ұрпақтың игілігіне қызмет ететін технологиялар ойлап табудан үмітті.
Сәулетшілердің сөзінше, ғарыш қалашығындағы лабораторияларда үш өлшемді баспа көмегімен Марстың климаты қайталанады. Сонымен бірге, бұл жерде ғарышты игеруге арналған мұражай ашылмақ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12