Филиппин аралдарының оңтүстігінде ұрланған төлқұжаттар қоқыстардан көптеп табылды
Филиппин аралдарында қылмыстық әрекеттер көбейіп жатыр. Елдің оңтүстігіндегі портты қала Батангаста көптеген төлқұжаттар су құбырлары мен қоқыстарда табылған. Анықталған әмияндарда ондаған банк карталары, төлқұжаттар, паспорт сияқты заттар бар болғанымен, олардың ішінде ақша жоқ. Төлқұжаттардың көптігі сонша, олар тіпті, су құбырларын бітеп қалған. Құжаттар құқық қорғаушыларға тапсырылды. Жергілікті полиция қызметкері Марио Дэвидтің айтуынша, қазір елде қылмыс көбейіп, қалтаға түскіштер қаптап кеткен. Сондықтан, ұрлап-тонау фактілері көптеп тіркеліп жатыр, ал, мынадай заттардың құбырларда табылуы әдетке айналып кеткендей.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы