Басты Жаңалықтар Еуроодақ пен БҰҰ бағдарламасы аяқталды

Еуроодақ пен БҰҰ бағдарламасы аяқталды

Қазақстанды «жасыл» экономикаға көшіруге көмек беру. Еуропалық одақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымының осындай ортақ жобасы қорытындыланды. Үш жылға арналған жобаға 7 миллион еуро бөлінген. Оның аясында барлық өңірде Еуропадағы соңғы «жасыл» технологиялар қолданылған жобалара жүзеге асқан. Мысалы, Астана іргесінен Еуропада енді шыққан жаңа технологиямен жылыжай тәжірибелік алаңы салынған. Онда баламалы көзден жарық беру мен қайта суғару жүйесі қолданылған. Басқа облыстарда да осындай жобалар жүзеге асқан. Бүгін бұл тәжірибелерді қорытындылап, көрші елдерге тарату бойынша жиын өтті. 

Гүлжамал Исаева, БҰҰ мен Еуропалық одақ бағдарламасының менеджері:

- Жобаның негізгі идеясы еуропалық технологияларды Қазақстан жағдайында қолдану. Бұл мақсат орындалды. 3 жылдың ішінде 18 түрлі технология сныақтан өтті. Оларды ары қарай қолдануға жергілікті кәсіпкерлер қызығушылық танытады деген сенімдеміз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу