Польшада тәуелсіздіктің 100 жылдығына арналған марштың шырқы бұзылды
Польшада 200 мың адамның қатысуымен өткен тәуелсіздіктің 100 жылдығына арналған марштың шырқы бұзылды. Оппозициялық партия мен елдің экс-президенттері Варшавада өткен шеруге ұлтшылдардың қатысуына қарсы болған. Соған қарамастан, қатысушылдардың арасында Польша мен Австрия оңшылдарының баннерлерін ұстағандар да кездесті. Ұлтшылдар қызыл түтін таратып, шерудің берекесін қашырды. Ал, бұған дейін ел президенті Анджей Дуда өзінің твиттер парақшасында халықты маршқа тек ақ-қызыл ту алып келуге, араздық туғызатын транспаранттардан бас тартуға шақырған еді.
Айта кетсек, Польша 1918 жылы Ресей, Германия және Австро-Венгрия империясының билігінен құтылып, тәуелсіздікке қол жеткізгені белгілі.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы